22-09-21 |
1230 рет қаралған
Тоқаев Қалжыр өзенін ластағандарды заңмен жазалауды тапсырды.
Тоқаев Қалжыр өзенін ластағандарды заңмен жазалауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенінің ластануына кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде алтын іздеген кәсіпкерлердің Күршім ауданына қарасты Қалжыр өзенін ластап жатқаны туралы ақпарат тарады.

» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне бұл проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді», – деп жазды Берік Уәли. 

Қазіргі уақытта су ресурстарын қорғау мамандарынан комиссия құрылды. Анықтау, зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Хван С.А.» ЖК, «Кошкинбаев Б. А.» ЖК, «Бошаев У. Т.» ЖК, «Дуйсембаев А.У.» ЖК, «Мадымаров Х. Д.» ЖК заңсыз кен шығару жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ өзен арнасын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан су лайланған. Осы жылы анықталған заңсыз жұмыстардан кейін кеншілерге ӘҚБтК-нің 332-бабына сәйкес (Мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті түрде жүргізу туралы талаптарды орындамау) 218 775 теңге айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды. Өзен ағысынан төменірек «Қасенов» ЖК құрамында алтын бар кенді өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланудың заңсыз жұмыстары анықталды. Барлық материалдар уәкілетті органдарға жіберілді», – деді ШҚО Экология департаменті басшысының орынбасары Рауан Тұраров.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.