16-10-18 |
1600 рет қаралған
Сот Олеся Халабузарьді мерзімінен бұрын босатпады.
Алматының Наурызбай аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты белсенді Олеся Халабузарьдің өзіне бір жыл бұрын шығарылған жазадан мерзімінен бұрын босату туралы арызын қанағаттандырудан бас тартты.

2017 жылы 1 тамызда Алмалы аудандық соты Халабузарьді «ұлтаралық алауыздықты қоздырды» деген айыппен бас еркіндігін екі жылға шектеген.

Бүгінгі сотта судья Бейнегүл Кайсина өзі шығарған қаулыға апелляциялық шағым түсіруге болатынын айтты. Бейнегүл Кайсина былтыр Алмалы ауданында судья болып тұрған кезінде Халабузарьге үкім шығарған.

Сот 40 жастағы Олеся Халабузарьді «Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабына өзгерістер енгізілсе, Қазақстан жерін қытайлар басып алу қаупі тууы мүмкін» деп жазылған парақшалар дайындады деп айыптаған. Олеся Халабузарь өзіне тағылған айыптарды сотта ресми түрде мойындап, әлгі әрекетіне өкінетінін мәлімдеген. Іске қатысты қандай да бір зардап шегушілер мен куәгерлер болмағандықтан, сот қысқартылған түрде өткен.

Сот үкімінен соң, 2017 жылы желтоқсанның соңында Олеся Халабузарь үш баласының алименті түсетін банктегі есепшоты бұғатталып қалғанын білген.  «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңның 12-бабына сәйкес, оны «терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар» ұйымдар мен тұлғалар тізіміне енгізген.

Оқи отырыңыз: «Терроршылар тізіміне» енгендер алимент пен әлеуметтік қызметтен қағылады

Олеся Халабузарь мерзімінен бұрын жазадан босатылса, онда тым болмағанда банктегі есепшотынан балаларының алиментін алуға мүмкіндік туатынын, пробация қызметі өзінің Алматы аумағынан шығуына рұқсат беруі мүмкін екенін айтады.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.