Навальныйдың сөзінше, өзінің адвокатына қылмыстық іс туралы 15 қазан күні Ішкі істер министрлігінің тергеушісі хабарлаған. Саясаткер Сергей Магнитскийдің өлімі ісі бойынша сотқа тартылған ішкі істер министрлгінің бұрынғы қызметкеріне жала жапты деп айыпталып отыр.
2016 жылы Магнитский ісіндегі бұрынғы тергеуші Павел Карпов Навальный мен басқа да белгісіз адамдардың үстінен полицияға арызданған. Карпов оларды өзін «ауыр және аса ауыр қылмысы жасады» деп айыптағанын мәлімдеген.
Карповтың сөзінше, Hermitage Capital Management инвестициялық қорын құрушы және бас директоры Уильям Браудер таратқан Russian untouchables («Тиісуге болмайтын ресейліктер «) деп аталатын төрт видеороликте өзіне жала жабылған. Бұл қорда заңгер Сергей Магнитский жұмыс істеген. Видеороликтерде Карпов Ресей бюджетінен 230 миллион доллар жымқыруға қатысты және заңгерге қысым жасады деп айыпталады.
Карповтың сөзінше, 2015 жылы Мәскеудің Мещанский аудандық соты аталған видеороликтердегі ақпаратты шындыққа сай келмейді деп таныған. Алайда, Навальный 2015 жылдың соңында және 2016 жылы сәуірде өзінің және «Эхо Москвы» радиосының сайттарында аталған видеороликтерге сілтеме жасап мақала жариялаған.
Видеороликтердегі ақпаратқа қатысты Карпов Ресейде Hermitage Capital Management қорынан, оның басшысы Уильям Браудер мен Firestone Duncan консалтинг компаниясын құрған Джеймисон Файерстоуннан сегіз миллион рубль өндіріп алған. 2013 жылы Лондонның Жоғарғы соты Карповтың Браудерге қарсы шағымын қарамай тастаған. Кейін Карповты сотқа құрмет көрсетпегені үшін қамауға алу туралы ордер берілген.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024