Бұған дейін Орыс православие шіркеуі Константинопольдің Украина православие шіркеуіне автокефалия (өзін-өзі басқару құқығы) беру шешіміне «қатаң және тиісті» жауа берілетінін мәлімдеген. Мәскеу патриархатының өкілдері егер Стамбулдағы патриархат «православие әлемінің қарсылығына қарамастан автокефалия беру туралы шешім қабылдаса, онда Орыс православие шіркеуі бұл патриархатпен қарым-қатынасын толық тоқтатуға мәжбүр болады» деп мәлімдеген.
Мәскеу патриархатының Украина православие шіркеуі бұған дейін Константинопольмен байланысын үзіп, Константинополь патриархы Варфоломейге анафема (православие шіркеуінде қарғыс айтып, діннен шығару) жариялауы мүмкін екенін білдірген.
Украина аумағында қазір православиелік үш ұйым бар. Олар – Мәскеу патриархатының Украин православие шіркеуі, Киев патриархатының Украин православие шіркеуі және Украин автокефальді православие шіркеуі.
-
01.02.2025
-
01.02.2025
-
01.02.2025
-
01.02.2025
-
01.02.2025
-
31.01.2025
-
31.01.2025
-
31.01.2025
-
31.01.2025