30-09-21 |
1910 рет қаралған
Путин АЭС салуда Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын.
Путин АЭС салуда Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын

Қазақстан атом электр станциясын салса, Ресей кадр даярлау ісіне көмектесуге дайын. Владимир Путин бұл туралы екі президентінің қатысуымен өткен форумда айтты. 

 

Путин Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға қатысты жоспарларын мұқият бақылап отырғанын атап өтті.

«Егер сіздер атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдайтын болсаңыздар, Ресей қазақстандық серіктестеріне оны тұрғызу және эксплутациялау ісіне өз көмегін ұсынады. Атап айтқанда, республикада ресейлік дизайндағы АЭС құрылысы жайлы сөз болуы мүмкін. Бірақ ол ғана емес. Бұл жерде тұтас бір сала құру туралы сөз қозғалып отыр. Оған Ресейдің жоғары оқу орындарында атом энергетикасын пайдаланумен байланысты жаңа мамандықтар бойынша кадрлар даяурлау да кіреді», – деді Путин Қазақстан мен Ресей  президенттері қатысып жатқан XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Путин мамандар тиімді газ тазарту құрылғыларын орнату арқылы технологияны жетілдіріп, атмосфераға зиянды заттардың бөлінуін барынша азайтуға қол жеткізіп жатқанын атап өтті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.