Қазақстандық кәсіпкерлер Қытайдан тауар жеткізу мәселесіне биліктен көмек сұрайды. Кәсіпкерлер шекарадағы контейнерлер Қытай тарапының тапсырмасымен тұрып қалғандығын айтты. Ал бұл кезекте бұл елдің тауарлары Еуропа мен Ресейге еш кедергісіз өтуде. Бұл туралы «Информбюро» жаңалықтары хабарлайды.
Кәсіпкер Мәдия Кержібаева 12 жылдан бері ғимараттар мен үй-жайларды жарықтандырумен айналысады. Алайда соңғы уақытта Қытайдан келетін тауарларда кідіріс пайда болған. Бір тапсырыстың өзін күткеніне екі ай уақыт болған және нақты қашан келетінін де ешкім нақты айта алмайды.
«Қаңтар айынан бастап мен барлық жұмысшыны еңбек демалысына жіберемін, мүмкін тек содан кейін ғана ақысыз демалыстар болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар көптеген шағын бизнестің басынан өтіп жатыр», – дейді кәсіпкер Мәдия Кержібаева.
Мәселенің басы осы жаздан бастап Қытай Қазақстанға жүк вагондары мен жүк көліктерінің өтуін шектегеннен басталған. Қазіргі уақытта аспан асты еліне аптасына тек бір ғана құрам өткізіледі. Осы себепті ол жақта бес мыңға жуық контейнер кептеліп тұр дейді кәсіпкерлер. Ал әрбір кешіктірілген күн үлкен көлемдегі шығындарға алып келеді. Шығын мөлшері миллиардтаған сомадан асып жығылады. Мұнымен қатар кәсіпкерлер тек ақшадан ғана емес, өткізу нарығынан да қол үзіп қалуда.
«Қазіргі уақытта осы мәселеге тап болған компаниялардың барлығының шығындары шамамен 10,7 миллиард теңгені құрайды», – дейді ҚР алкогольсіз сусындар мен шырындар өндірушілер қауымдастығының жетекшісі Әлия Мамытбаева.
Кәсіпкерлер өз елдері арқылы шектеу қойған Қытайдың Қазақстан арқылы Еуропа мен Ресейге тасымалын азайтпайтынына наразы. Сонымен бірге ол бізге жеткізілетін өнім көлемін айтарлықтай қысқартқан. Мұндай шешім туралы ешқандай ресми ақпарат айтылмаған. Жазылудан бас тартумен біздің шенеуніктер де айналысады деп шағымданады кәсіпкерлер. Сондықтан олар ел билігінен бұл мәселені шұғыл түрде шешуді тағы бір мәрте сұрайды.
«Біз үкіметтен бұл мәселеге назар аударуды сұраймыз, себебі бұл ертеңгі күні нарықта тауарлардың жетіспеушілігін туғызады. Келе жатқан жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар тауарсыз, тұрмыстық техникасыз қалып, бұл бағаның өсіміне алып келеді», – дейді кәсіпкер Вадим Гатченко.
Осыған дейін премьер-министр Асқар Мамин өзінің қытайлық әріптесіне осы мәселе жөнінде хат жазғанын айта кету қажет. Бірақ бизнестің әлі күнге дейін шағымданып жатқанына қарағанда, мәселе түбегейлі шешілмегенге ұқсайды. Осы себепті кәсіпкерлер біздің биліктен өз азаматтарының мүдделерін қорғауда қатаң позиция ұстануды ұсынып, Қытай тауарларының еліміз арқылы Еуропаға өтуіне шектеу қоюды сұрайды.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024