18-10-18 |
3820 рет қаралған
Қазақстандықтар ВАЗ көлігіне мініп жатыр.
Қазақстандықтар ВАЗ көлігіне мініп жатыр

Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында ресейлік Автоваздың сыртқы нарыққа сату көлемі 65% ұлғайды, ал оның негізгі тұтынушысы – Қазақстан.

ВАЗ көлігінің қазақ нарығындағы үлесі 22,9% құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,2% артты. Еліміздегі ресейлік көліктер сатылымы бойынша бірінші орынға шықты. Ал Белоруссиядағы Автоваз машиналарының сатылымы екінші орында екен.

Ресейлік автомобиль Қазақстандағы жолаушылар және жеңіл коммерциялық автокөліктер нарығында 23,2% иемденді. Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Ладаның жалпы сатылу көлемі 9657 автомобильді құрады. Елімізде 2771 дана Lada Granta сатылып, ВАЗ көліктерінің арасында ең көп сатылған марка болды. Қазақстандық 2322 сатып алушы Lada 4×4 моделіне таңдауын тоқтатты.

Сонда-ақ, жолаушылар және жеңіл коммерциялық автокөліктер нарығында ең танымал ондыққа ГАЗ бен УАЗ (1999 және сәйкесінше 1085 сатылған машина) да енген екен.

Дерек:

kommersant.ru

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.