12-11-21 |
2000 рет қаралған
Баталов сылтау айтқыш әкімдерді жұмыстан қалай босатқанын айтты.
Баталов сылтау айтқыш әкімдерді жұмыстан қалай босатқанын айтты

Талдықорған қаласында соңғы 3 жылда үш рет әкім ауысқан. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі шенеуніктердің неге жұмысынан жиі кететініне жауап берді.

Айта кетсек, Талдықорған әкімі болып тағайындалған Дастан Шалтабаев 2018 жылы мамыр айында қызметіне кірісіп, 2019 жылы сәуір айында қызметінен босатылды. Бұдан соң оның орнына Ғалымжан Әбдірайымов келіп, 2021 жылдың наурыз айында жұмысынан кетті. Қазір қаланы Ержан Жасыбаев басқарып отыр.

“Менің қасыма жақсы әкім келіп жұмыс істесе, қуанатын едім. Бірақ олай болмай тұр. Ғалымжан Әбдірайымовты ешкім жұмысынан қуған жоқ. Өзі біресе ауырдым, біресе тексерілуім керек, ана жаққа, мына жаққа баруым керек деп қоймады. Сылтауы бітпегесін жібердім. Маған ондай әкімнің не қажеті бар. Таңертеңнен бастап шағымын айтады. Жап-жас жігіт қой. Жұмыс істегесін тиянақты болу керек. Сол себепті қызметінен босатылды”, – деді Амандық Баталов. 

Сондай-ақ әкім қазіргі Талдықорған әкімін қызметке өзі ұсынғанын айтып, оның жұмысына ризашылығын білдірді. 

“Қазіргі келген әкім мен 2001 жылдан бастап қызмет атқарғанда жол басқармасының орынбасары болып жұмыс істейтін. Сол кезде оның өте ақылды, іскер, берген тапсырманы жақсы орындайтынын көргенмін. Өзім баршы сол жұмысқа дегеннен кейін келіп, күні-түні, тым жақсы деңгейде жұмыс істеп жүр. Оның істеп жатқан жұмысына ризамын. Ержанның әлі де бірталай жұмысты бітіретініне сенімдімін”, – деді ол. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.