18-11-21 |
1980 рет қаралған
Астанада білім беру жүйесіндегі реформалар қортындыланды.
Астанада білім беру жүйесіндегі реформалар қортындыланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан әкімдігі білім саласы өкілдерінің қатысуымен «ЕЛОРДАНЫҢ БІЛІМ БЕЛЕСТЕРІ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында қалалық форум өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің хабарлады. 

Форум жұмысына ҚР БҒМ, жергілікті атқарушы органдар, БАҚ өкілдері, білім беру жүйесінің басшылары мен мамандары, персоналды оқыту және дамыту саласындағы мамандар, қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелерінің педагогтары қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласының білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттарын, осы саланы дамытудың перспективаларын талқылады. Форумның өтетін орны кездейсоқ таңдалған жоқ. Оқушылар сарайы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай салынған болатын.

«Тәуелсіздік Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Қазақстан азаматтарының ең үлкен сыйы. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміз көптеген сынақтардан өтіп, дамуын сенімді түрде жалғастырып келеді. Білім беру саласының өкілдері бұл бағытта зор күш-жігер жұмсады», – деді ҚР Мәжілісінің депутаты Әмірхан Рақымжанов.

Форумда инновациялық білім беру жобалары, бағдарламалар мен технологиялар таныстырылды. Үздік білім беру ұйымдары мен педагогикалық ұжымдар өз жұмыстарын ұсынды.

«Біз бүгін білім беру жүйесіндегі реформаларды қорытындылауға жиналдық. Бүгін білім саласының ардагерлерімен бас қосып отырмыз. Үлкен жұмыстар жүргізілді. Қазір елордамыздағы оқушылардың өзі Целиноград тұсындағы тұрғындардан асып түседі. Қазір елордамызда 3 жастан 6 жасқа дейінгі 200 мыңнан астам бала бар. Олардың үйірмелерде тегін айналысуына мүмкіндік жасалған», – деді Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығының директоры Сабыржан Мадеев. 

Оның айтуынша, соңғы жылдары білім беру саласы кейбір проблемаларға тап болды, атап айтқанда, ол негізінен пандемиямен байланысты.

«Коронавирустық пандемияға байланысты бүкіл әлемде білім деңгейі төмендеді. Алайда, қиындықтың артында жақсылық күтіп тұратынын білеміз. Онлайн форматқа көшудің нәтижесінде бірнеше жыл бойы компьютерлік бағдарламаларды оқыған мұғалімдер аздаған уақытта IT маманы болп шыға келді. Ата-аналар ұстаздардың қадірін түсінді, ал оқушылар партада отырып білім алудың артықшылығын түсінді. Енді жаңа дағдылардың арқасында ауырып қалған балалар оқу бағдарламасынан қалып қалмайды. Олар онлайн режимде оқитын болады», – деді Сабыржан Мадеев.

Айта кету керек, форум санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті. Ал педагогтердің басым бөлігі онлайн режимде қатысты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.