Алматыда 9 қабаттан үш баласымен бірге секіріп кетіп қаза болған әйелдің күйеуі – Нұрсұлтан Оразов отбасы жайлы айтты.
«Біз бақытты едік. Бірақ жұмыссыз болдық. Әйелім балалармен үйде отырды, мен базарда әртүрлі жұмыстар істедім. Оқиға болған кезде үйде жоқ едім. Әйелім ештеңе айтқан жоқ. Алматыда алты жылдан бері тұрамыз, отбасымызда бәрі дұрыс еді.
«Үй жалдап тұратынбыз. Жалақы аз. Ата-анам да жұмыссыз, олар Шымкентте тұрады. Білім алған жоқпын. Әлеуметтік көмек берген жоқ. Карантин болған кезде сұрағанбыз, бірақ бермеді. Әйелім барлық жерден әлеуметтік көмек сұраған. Көмектеспеді. Үш балам бар еді: кішісі 2 жаста, 5 жаста, 6 жаста. Қазір менің де өмір сүргім келмейді… «, – деді ол.
Алматыдағы «Жетісу» ықшам ауданындағы 9 қабатты үйлердің бірінде тұратын 28 жастағы әйел 9 қабаттан секіріп, үш баласымен бірге қаза болған. Ол хат жазып қалдырған. Онда ешкімді кінәламайтыны, өмір сүруден шаршағанын және кінәлілер өздері білетінін жазған.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024