24-11-21 |
1490 рет қаралған
Алматыда терезеден секірген жүкті келіншекті дәрігерлер ұстап қалды.
Алматыда терезеден секірген жүкті келіншекті дәрігерлер ұстап қалды

Қаскеленде 41 жастағы жүкті әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Оқиға орнындағы суреттер әлеуметтік желілерде таралып кетті. Қаскелен перинаталдық орталығының 41 жастағы науқасы өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Әйелді жедел жәрдем қызметкерлері құтқарып қалды.

Белгілі болғандай, полицейлер бұған дейін Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге апару) бойынша қылмыстық іс қозғап, тексеру ұйымдастырған.

«Расында, бұл оқиға 24 қазан күні Қаскелендегі перзентханада орын алған. Барлық мән-жай мен себептер тергеу барысында анықталады», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы шағын аудандарының бірінде әйелдің үш баласымен 9 қабаттан секіргені туралы хабарлаған едік. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.