Ресейдің Лондондағы елшілігі ресейлік кемелер Ла-Манш бұғазынан өткен кезінде Ұлыбританияға қауіп тудырмайтынына және халықаралық құқыққа сай әрекет ететініне сендірді.
Daily Star корольдік флот кемелері британ суларына жақын жүрген ресейлік кемелерді шығарып жіберу үшін жиі теңізге шығатынын айтады. Басылым операция екі ел арасындағы шиеленіс күшейген тұста өтіп жатқанын жазады. Ұлыбритания билігі Кремльді Солсбери қаласында ресейлік бұрынғы тыңшы Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия Скрипальге қастандық жасауды ұйымдастырды деп айыптайды.
Былтыр қаңтарда британ қарулы күштері Ла-Манш бұғазы арқылы Сирияға кетіп бара жатқан Ресейдің «Адмирал Кузнецов» авиатасығышын британ суларынан шығып кеткенше қарауылдаған.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024