09-12-21 |
1390 рет қаралған
Өскемен әкімдігінен аялдама сұрап келген мүгедек жігітті жеті полицей далаға шығарып жіберді.
Өскемен әкімдігінен аялдама сұрап келген мүгедек жігітті жеті полицей далаға шығарып жіберді

Өскеменде жеті полицейдің мүгедек азаматты әкімдіктен күшпен шығарған видеосы желіде тарап кетті. Тәртіп сақшыларының бұл әрекеті куәгерлердің наразылығын тудырды. Кейін ДЦП-ға шалдыққан ер азаматтың үйінің жанындағы аялдаманы қайтаруды талап етіп келгені белгілі болды. Бұл туралы 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасы хабарлайды. 

 

Ер адам әкімшілік ғимаратына жиі келеді екен. Ол үйінің маңындағы бұрынғы автобус аялдамасын қайтаруды талап еткен. Аялдаманы алыс жерге ауыстырғандықтан, мүгедектігі бар азаматқа жету қиынға соғады екен. Алайда бұл жолы тұрғын әкімдікте жанжал шығарған. Қызметкерлердің сөзінше, ол термометр мен есікті сындырған. 

Ер адам өз телефонын да бұзып алған. Ал полицейлер «Ұзақ бұзақылық» және «Билік өкілдерін балағаттау» бабтары бойынша әкімшілік іс қозғады. Егер сотта оның кінәсі дәлелденсе, 230 мың теңге айыппұл салынады немесе 20 тәулікке қамауға алынады. Сонымен қатар Өскемен қаласының әкімдігі демеушілердің ер адамға 110 мың теңге бөлгенін мәлімдеді. Бұл қаржы мәселе шешілгенге дейін оның таксимен қатынауына арналған. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.