09-12-21 |
1780 рет қаралған
Қазақстанда пара беру қалыпты жағдайға айналып бара жатыр.
Қазақстанда пара беру қалыпты жағдайға айналып бара жатыр

Елімізде сыбайлас жемқорлық қылмысының сипаты өзгерді. Жемқорлар жаңа заманға бейімделді дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов. 

 

«Жемқорлық схемаларында айла-тәсіл көбейіп, ақылды, жүйелі бола түсті. Басқаша айтқанда, бюрократиялық кедергілер әдейі жасалып, заңсыз баю мақсатында ережелер күрделене түсуде. Ал лауазымды тұлғалардың функционалдық міндеттерінде оларды жауапкершіліктен босататын олқылықтар мен айла-амалдар қарастырылған», – дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осылайша адамды пара беруге мәжбүрлейтін жағдай қолдан жасалады. Жекелеген азаматтарға өз проблемасын мұндай жолмен шешкен оңай. Өкінішке қарай, пара беру қалыпты жағдайға, өмір салтына айналып барады, дейді агенттік төрағасы. 

Мәселен, оның мәліметінше, 2015 жылы «Пара беру» бабы бойынша фактілер барлық тіркелген қылмыстың небәрі 10 процентін құраса, биыл көрсеткіш үштен бірді құраған.

«Яғни, адамдар шенеуніктерді саналы түрде парамен сатып алады. Көбіне олар түрлі рұқсат, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік сатып алудағы жеңіс және тағы басқа үшін пара береді. Сол себепті сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қайта қарау талап етіледі», – деді ол.

Айтуынша, қазір қолданыстағы салалық заңның мақсаты – жемқорлықпен күрес емес, оған қарсы іс-қимыл.

«Іс-қимыл» сөзінің мағынасы терең: бұл сыбайлас жемқорлық себептерін түп-тамырымен жоюға бағытталған қылмыстық және профилактикалық шаралар кешені. Яғни, қылмыскерлерді ұстау ғана емес, мемлекеттік басқарудың кем-кетіктерін жою. Сол себепті біз салдармен күресуден жемқорлық тәуекелдерін жою және қылмыстық схеманы ашуға көшеміз», – деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.