13-12-21 |
2580 рет қаралған
«Екі баласы бар, жалғызбасты әйел»: Сот Хаменованы не үшін үйқамаққа жібергенін түсіндірді.
«Екі баласы бар, жалғызбасты әйел»: Сот Хаменованы не үшін үйқамаққа жібергенін түсіндірді

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың не себепті үйқамаққа жіберілгенін түсіндірді.

 

Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметінде, сот ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының Хаменоваға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қарады.

«Сот күдіктінің жалғыз басты әйел екенін, Атырау қаласында тұрақты тұратын жері бар, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, бұрын сотталмағанын, екі кішкентай баланы тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының болуын есепке алып, сот оған қатысты процестік заңнамада көзделген шектеулерді белгілей отырып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау қажеттігі туралы қорытындыға келген», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше тергеу соты Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа жібергені туралы жазған едік. 

Атырау облысы әкімінің орынбасары бұған дейін Жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан пара алғаны расталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.