17-12-21 |
2120 рет қаралған
Алматыда белсенділер Жаңаөзен шындығының ашылуын талап етті.
Алматыда белсенділер Жаңаөзен шындығының ашылуын талап етті

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні Алматыдағы Республика алаңында белсенді Жанболат Мамай бастаған тіркелмеген демократиялық партиясының өкілдері Желтоқсан құрбандарын еске алды. 

Жанболат Мамай халықты 12:00-де Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіштің жанына жиналуға шақырған еді. Республика алаңында 16 желтоқсан күні интернет жұмысы нашарлады. 

Әкімдікке қарсы тұрған алаңда жүрген шерушілердің саны шамамен жүз шақты адам болды. Олар қолдарына плакат ұстап, Жаңаөзен шындығының ашылуын талап етті.

Алаңда сондай-ақ Oyan, Qazaqstan жастар қозғалысының он шақты өкілі Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алып, арт-перформанс шарасын өткізді. Перфомансты ұйымдастырушылар нысананың суреті бар ақ костюм киіп, қызыл бояу жағып алған. Олар осылайша оқиға құрбандарын бейнелеуге тырысқан. Жиналғандар мен өткінші адамдар оларды видео мен фотоға түсіріп жатты.

 

Жиналғандар шара соңында Желтоқсан мен Жаңаөзен құрбандарына құран бағыштап, олардың мәңгілік есте сақталатынын айтып жатты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.