21-12-21 |
3030 рет қаралған
Теңіз мұнай кенішінде 39 мың жұмысшы қысқартылады.
Теңіз мұнай кенішінде 39 мың жұмысшы қысқартылады

Теңіз мұнай кенішінде 2022 жылы 39 мың жұмысшыны қысқарту жоспарланды.

«Хабар 24» арнасының мәліметінше, қысқарту «Келешек Кенеу» жобасының аяқталуына байланысты күтілуде. Жұмыстан босатылатын жұмысшылардың тең жартысы жергілікті тұрғындар екені атап өтілді.

2022 жылдың бірінші жартысында 7000 адамды қысқарту жоспарға алынған.

Облыс басшылығы жұмысшыларды болашақта жұмысқа орналастыруға көмектесетінін айтып, уәде берді.

«Мемлекеттік бағдарламалар бар. Соған сәйкес 12 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Мұнай-химия кешені саласында инвестициялық жобалар тартылды. Құрылыс кезінде 20 мыңға жуық жұмысшыны жұмыспен қамтамасыз еткіміз келеді», – деп түсіндірді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.