23-12-21 |
3350 рет қаралған
Бақытгүл Хаменова қамауға алынды.
Бақытгүл Хаменова қамауға алынды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова қамауға алынды.

Атырау облыстық прокуратурасы осыған дейінгі мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен келіспей, облыстық сотқа шағым түсірді. Прокуратура облыс әкімінің орынбасарын қамауға алу туралы өтініш түсіріп, облыстық сот Бақытгүл Хаменованы қамауға алу туралы қаулы шығарды. Енді ол сотқа дейін тергеу изоляторында отыратын болады.

Еске сала кетейік, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова және облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Абай ескерткішін орнату бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшарты үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілікті. Тергеу соты Хаменованы жалғыз басты әйел, жалғыз өзі екі жас баланы тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының бар екенін ескеріп, ұйқамаққа алған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.