27-12-21 |
2710 рет қаралған
Амангелді Айталы: «Біз қазақ болып жаратылдық, қазақ болып кетеміз».
Амангелді Айталы: «Біз қазақ болып жаратылдық, қазақ болып кетеміз»

Философия ғылымының докторы, профессор, қоғам қайраткері Амангелді Айталы Алаш арыстарының трагедиясын қазақ трагедиясына теңеді.

«Біз қазақ болып жаратылдық, қазақ болып кетеміз. Ақыретке дейін. Алаш арыстары осылайша «Қазақ» деген газет шығарды. Сол газеттің төңірегіне көптеген қазақ интелегенциясы топталды. Әуелі газет аптасына бір рет, артынан екі рет шықты. Бүкіл қазақ оянды. Осы оянғанның арқасында өмірге Алаш қозғалысы келді. Алаш қозғалысы «Алаш» партиясын әкелді. «Алаш» партиясы Алашорда үкіметіне алып келді. Кейін қилы-қилы заман болды. Алаш зиялылары басын тауға да, тасқа да ұрды. Бірақ Ресейдің автономиясы болып қалдық. Сол автономияның ішінде еңбек етіп, осы бүгінге қазақ территориясын жинадық. Ана губерния, мына губернияға бөлінген, оңтүстікке, солтүстікке кеткен қазақ жері 1920 жылы автономиялық республика болдық. Кеңес үкіметі таптық идеологияға сәйкес біреулерін ұлтшыл, біреулерін интерноционалист деді. Бір-біріне айдап салды. Осы жұмысты қалай болғанда да қазақ интелегенциясы, Алаш арыстары еліне қызмет етті. Ә.Бөкейхановтың: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сөзі бар. Бұл тек Бөкейхановтың емес, бүкіл алаш арыстарының ұраны еді. Ұлтқа, халыққа қызмет ету. Осы жолда олар өздерінің басын құрбан етті. Олардың әрқайсысының трагедиясы, әрқайсысының өмірден озуы қазақ халқының трагедиясы»,- деді Айталы.
Қоғам қайраткері бұл ойын Ақтөбеде​ ашылған «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешенінің ашылуында айтты. Салтанатты шарада «Алаш ұраны» гимні орындалып, «Алаш» партиясының туы көтерілді.

Мемориалдық кешенге «Алаш» партиясының Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Жаханшы Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев, Телжан Шонанов, Темірбек Жүргенов, Ұзақбай Құлымбетов, Мұхамеджан Тынышбаев сынды белгілі қайраткерлерінің барельефті бейнелері бар.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.