27-10-18 |
1770 рет қаралған
Түркия С-400 кешендерін қашан орнататынын жариялады.
Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркия Ресейден сатып алатын С-400 зенит-зымыран кешенін келесі жылы қазанда орната бастайтынын мәлімдеді. Anadolu агенттігінің Хулуси Акарға сілтеме жасап хабарлауынша, 2019 жылдан бастап арнайы іріктелген мамандар Ресейге зенит-зымыран кешенін басқаруды үйренуге жіберіледі.
Ресейдің қару-жарақ экспорттайтын мемлекеттік «Рособоронэкспорт» компаниясы тамыз айында Түркияға С-400 кешендері 2019 жылы жеткізіле бастайтынын хабарлаған. АҚШ пен НАТО-ға мүше елдер бұған дейін Түркияның С-400 кешенін сатып алуына алаңдайтынын білдірген.
Вашингтон Анкараға Түркия С-400 кешендерін сатып алса АҚШ санкция салып, басқа да келісімшарттарды тоқтататынын ескерткен. Анкара болса Батыс елдері Түркияға қорғаныс әлеуетін нығайтуына көмектеспейтінін және Түркияның өз мұқтаждығын НАТО аясынан тыс өтеуге мәжбүр болып отырғанын мәлімдеген.
Соңғы мақалалар.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.