29-12-21 |
1230 рет қаралған
Журналист Бекболат Тілеуханның өзіне қол көтергенін хабарлады.
Журналист Бекболат Тілеуханның өзіне қол көтергенін хабарлады

Бүгін депутаттық мандатымен қош айтысқан Бекболат Тілеуханды журналистер мәжіліс залының алдынан күтіп алды. Жауап алғысы келген тілшілердің бірі Айнұр Коскина экс-депутаттың өзіне қол көтергенін мәлімдеді.

 

Журналист экс-депутаттан оның көп әйел алуға қатысты көзқарасын білгісі келген. Нәтижесінде тілшінің телефонының штативін сынды.

«Менің көп әйелім бар. Мен полигамдық некедемін және оны ешқашан жасырған емеспін. Байқауымша сіз бұған қарсы секілдісіз. Бірақ бұл менің тағдырым», – деді экс-депутат.

Айнұр Коскина өз кезегінде Қазақстанда көп әйелдікке ресми түрде тыйым салынғанын атап өткен.

«Егер сені ешкім тұрмыс құруға шақырмаса, бұған менің қандай кінәм бар?», – деп жауап берген Тілеухан лифтіге кіріп бара жатып.

Журналист эск-депутатпен бірге лифтке кірмек болғанда ол оны итеріп жіберген.

Алайда Айнұр Коскина экс-депутатпен бірге кіріп үлгерген, тілшінің сөзінше лифтіге кірген уақытта өзіне зорлық көрсеткен. Болған оқиғаны журналист видеоға түсіріп алған.

Оқиғадан кейін журналист полицияға хабар берген. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің «Журналисттің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау» бабы бойынша арыз түсіргенін жеткізді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.