Бас прокуратура елде болған оқиғалардан соң ұсталған, қамалған азаматтардың санын және қозғалған істердің қанша екенін жариялады.
«ТЖ режимі кезеңінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін 6966 әкімшілік іс жүргізулер қозғау туралы хаттамалар толтырылды, әртүрлі әкімшілік жауаптылыққа 4918 адам тартылды, оның ішінде 1978 адам қамаққа алынды. 791 адамға айыппұл салынды және 2149-ы ескертілді. Соттардың қарауында 2048 материал бар.
Бүгінде жедел-тергеу топтары 494 қылмыстық істі, оның ішінде 44 – терроризм актілері бойынша, 34 – жаппай тәртіпсіздіктер бойынша, 15 адам өлтіру және басқалары бойынша тергеп-тексеруде.
Қылмыс жасады деген күдікпен 524 адам уақытша ұстау изоляторларына қамалды. Соттың санкциясымен 412 адам қамауға алынды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде» делінген ақпаратта.
Сондай-ақ прокуратура елдегі оқиғалар кезінде түсірілген фото/видео материалдарды жинау үшін арнайы сайт ашқанын хабарлаған.
Оқиғалар кезінде із-түссіз кеткен адамдарды жақындары іздеп жатыр.
Жоғалған адамдар туралы ақпарат жинақтау үшін азаматтық белсенділер арнайы сайт ашты.
Қанша адамның із-түссіз кеткені туралы нақты әрі ресми ақпарат әлі жоқ.
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
23.12.2024