17-01-22 |
2260 рет қаралған
Содырлар бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланды – Прокуратура.
Содырлар бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланды – Прокуратура

Прокурорлар 5 қаңтардан бастап Алматыға тек бүлікшілер мен террористер ғана шабуыл жасағанын мәлімдеді. Алматы прокуроры Берік Жүйріктаев айтуынша, ТЖ кезінде әкімдік қызметкерлері эвакуацияланған. 

Прокурорлар бүлікшілердің қатігездік әрекеттерді ұйымшылдықпен жасағанын атады.

«Алғашқы күннен бастап мен және прокуратураның барлық қызметкері оқиғаның тура ортасында болдық. Біз бандиттердің ұйымдасқан агрессиясын көрдік. Олар арнайы техниканы, өрт сөндіру машиналарын, автобустарды басып алып, құқық қорғау күштерін таратты. Барлық жерде бейнебақылау камералары жойылды. Қылмыс жасау үшін брусчатка мен қолда бар басқа да қаруларды пайдаланды», – деп атап өтті Алматы прокуроры.

Бүлікшілердің аңшы дүкендеріне  мақсатты түрде шабуыл жасаған. 

«Қазір біз содырлардың наразылық акцияларын өз мақсаты үшін қолданғанын түсінеміз. Көшелерге шыққан бейбіт тұрғындарды олар қалқан ретінде пайдаланд», – деп атап өтті Алматы прокуроры.

Оның айтуынша, 5 қаңтардан бастап қалада тек бандиттер мен террористер шабуыл жасаған. Бұл бейбіт наразылық емес.

«Біз терроризм актісіне тап болдық. Қала әкімдігінің ғимараты, әуежай мен Президент резиденциясы басып алынды. Іс-әрекеттердің сипаты, дайындығы, қатыгездігі мен үйлесімділігі олардың ұйымдасқандығын көрсетеді», – деді Б.Жүйріктаев.

Ол қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ зардап шеккендердің барлығына көңіл айтты.

Алматы прокурорының айтуынша, бүгінде қаладағы жағдай тұрақты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.