28-12-21 |
1290 рет қаралған
Астана мемлекеттік қызмет хабының тәжірибесі ұсынылды.
Астана мемлекеттік қызмет хабының тәжірибесі ұсынылды

EIP жыл сайынғы кездесуі «Алынған сабақтар: P2P өзара іс-қимыл» есебінің презентациясына арналды, онда халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Астана хабының «тең теңімен» (P2P) қағидаты бойынша оқытуды ілгерілету жөніндегі тәжірибесі көрініс тапты. Сондай-ақ, қатысушылар институционалдық өзгерістер үшін P2P оқытуды (MEL) бақылау мен бағалаудың тиімді тәсілдерін талқылады.

Іс-шара барысында EIP хатшылығы (ЭЫДҰ штаб-пәтерінде орналасқан) платформаның соңғы жылдағы жетістіктерін көрсетті және 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын ұсынды. Сонымен қатар, EIP мүшелері мен серіктестері «тең-теңімен» (P2P) қағидаты бойынша оқытуды ілгерілету тәжірибесімен бөлісіп, өзара іс-қимылдың басым бағыттарын талқылады.

Астана хабының өкілі модератор болған сессиялардың бірі «Алынған сабақтар»есебін әзірлеу кезінде жасалған бақылаулар мен ескертпелер негізінде анықталған MEL құралдарын сынақтан өткізудің тиімді тәсілдері мен қағидаттарын таныстыруға және талқылауға арналды.

Есеп EIP консультативтік тобының мүшелері ұсынған P2P оқыту бойынша озық практикаларға, идеяларға және алынған сабақтарға шолу жасайды, олардың ішінде Астана Мемлекеттік қызмет хабы (ACSH); Жергілікті өзін-өзі басқару бастамалары мен желілері (lOGIN), Үндістан; бюджеттік реформалардың бірлескен африкалық бастамасы (CABRI), Оңтүстік Африка; Ұлыбританияның үкіметтік әріптестіктерінің халықаралық ұйымы (GPI) және экономикалық басқару орталығы (CEG), Кения.

MEL құралдары және «Алынған сабақтар» есебі P2P оқытудың тиімді тәсілдерін анықтауға, сондай-ақ институционалдық және ауқымды өзгерістер енгізу мақсатында оқытуды бақылау мен бағалауға негіз болады.

Алынған сабақтар туралы есеп EIP веб-сайтында қол жетімді: Learning_Lessons_from_P2P_Engagements.pdf (effectiveinstitutions.org)

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.