02-02-22 |
3960 рет қаралған
Назарбаев ескерткішін құлатқан адамды азаптаған полицейлер істі болды.
Назарбаев ескерткішін құлатқан адамды азаптаған полицейлер істі болды

Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорған қаласындағы Н.Назарбаевтың ескерткішін халық құлатқан еді. Әлеуметтік желіде ескерткішті құлатуға қатысқан делінген Азамат Батырбаевты тергеу абақтысында азаптаған полицейлердің үстінен іс қозғалған. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.

«Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерімен А.Б. Батырбаевты ұрып-соғу фактісі туралы ақпарат таралуда.

Аталған тұлға Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 2022 жылғы 22 қаңтарында ұсталғанын хабарлаймыз.

Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында жауап алу кезінде, ол 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері оған дене жарақатын келтіргені туралы айтқан.

А. Батырбаевтың бұл арызының негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген ақпаратта.

Әлеуметтік желіде Батырбаевтың суреті тараған еді. Азапталған азаматтың күйі адамдарды шошындырып, желі қолданушылары ұрып-соғып азаптағандарға қарсы іс қозғауды, жазалауды талап еткен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.