07-02-22 |
1300 рет қаралған
Мәсімовтың орынбасары ұсталды.
Мәсімовтың орынбасары ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды, Әзірге, оған қандай айып тағылғаны туралы ашып айтылған жоқ.

«Сот оны қамауға алу туралы шара қабылдады. К.Мәсімов, А. Садырқұлов және Д. Ерғожинге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданғанын хабарлаймыз. Қылмыстық іске «өте құпия» деген белгі берілді», – деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік қызметі.  

Сондай-ақ басқа сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейтіні айтылды.

Дәулет Ерғожин 1978 жылы Алматыда туған. Бұрын қаржы вице-министрі, мемлекеттік кірістер комитеті төрағалығы лауазымдарын атқарған.

Бұған дейін ҰҚК төрағасы орынбасары қызметін атқарған Әнуар Садықұлов бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовпен бірге мемлекетке опаздық жасады деген күдікпен қамалғаны белгілі болған еді. 

Айта кетсек, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қамауға алынған болатын. Қылмыстық кодексте мемлекетке опасыздық жасау әрекеті үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.