30-03-22 |
1580 рет қаралған
Назарбаевтың келініне аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.
Назарбаевтың келініне аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды

Экс-президент Н.Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлының әйелі Гүлмира Сатыбалдыға аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды» делінген агенттік ақпаратында.

13 наурызда Қайрат Сатыбалдыұлы Алматыы әуежайында ұсталып, оған «лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактісі» бойынша айып тағылып, екі айға қамауға алынған еді.

Ал 16 наурызда  Гүлмира Сатыбалды ұсталып, оған қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланған.

Бұған қоса, Назарбаев әулетінің құдасы, олигарх Қайрат Боранбаевтың да ұсталып, қамауға алынғаны мәлім.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.