Луценконың айтуынша, кеме «Ресей портынан» Бельгияға Либерия туымен кетіп бара жатқан. Ол кеменің Ресей салған санкцияға жауап ретінде ұсталғанын айтады. Бас прокурордың сөзінше, кемеге қатысы бар адамдар Украинада «терроризмді қаржыландырғаны» үшін жауапқа тартылады.
Кеме қозғалысын бақылап отыратын Marine Traffic порталының мәліметінше, Мариуполь портында Comet құрғақ жүк таситын кемесі тұр. Ол Мариуполь портына қазанның 28-іне кірген. Бұған дейін кеме Краснодар өлкесінің Темрюк портына барған.
Қарашаның біріне Ресей Украинаның 322 азаматы мен 68 компаниясына санкция салған. Санкцияға ілінген жеке және заңды тұлғалардың Ресей аумағындағы қаржысы мен мүлкі бұғатталады және капиталын Ресей аумағынан шығаруына тыйым салынады. Санкцияға Украина ішкі істер министрі мен бас прокуроры да іліккен.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024