02-11-18 |
1580 рет қаралған
Дональд Трамп Хизер Нойертке БҰҰ-дағы елші болуды ұсынды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекеттік департамент өкілі Хизер Нойертке АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болуды ұсынды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Трамп бұл жайында 1 қараша күні Ақ үйде сөйлеген кезінде айтты.

Fox News телеарнасы өз дереккөзіне сілтеме жасап, Трамптың 29 қазан күні Ақ үйде Нойертпен кездескенін хабарлады. Алайда, Нойерттің президент ұсынысын қабыл алғаны, я бас тартқаны белгісіз. 

Хизер Нойерт 2017 жылы көктемде Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі болған. Мұның алдында ол  Fox News  телеарнасында жұмыс істеген.

Қазан айында АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли осы жылдың соңына дейін қызметінен кететінін жариялаған. Ол Ақ үй әкімшілігінен өзге жұмысында президентті қолдай беретінін мәлімдеген.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.