21-04-22 |
1430 рет қаралған
26 сәуірде «Amanat» партиясының съезі өтеді.
26 сәуірде «Amanat» партиясының съезі өтеді
26 сәуірде «Amanat» партиясының съезі өтеді. Бұл туралы партия хатшысы Асхат Оралов хабарлады.
«Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады.
Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады.
Съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда»,  – деп жазады Оралов.
20 cсәуір күні президент Тоқаев партия хатшысы Асхат Ораловты қабылдап, партияны жаңғырту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысын сұраған еді.
Асхат Оралов партия төрағасына Алматы, Шымкент қалаларындағы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жұртшылықпен кездесулердің нәтижелері, сондай-ақ қоғамдық қабылдаулардың жұмыстары жөнінде баяндаған.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.