25-04-22 |
2420 рет қаралған
Назарбаевтың мәртебесі конституцияда бекітілмек.
Назарбаевтың мәртебесі конституцияда бекітілмек

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» мәртебесі конституцияда бекітілмек. Бұл туралы Конституцияны өзгерту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасылов айтты.

«Тұңғыш Президент мәртебесі мәселесіне келетін болсақ, Конституцияда бұл Конституциямен және конституциялық заңдармен реттеледі деп жазылған. Жұмыс тобы бұл мәртебені Конституцияның өзінде анықтау керек, бұл норманы нақтылайтын заңдарға емес, Конституцияның өзіне жүгіну керек деген қорытындыға келді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы. Яғни, бұл мәртебе белгіленді. Меніңше, бұл өте маңызды, өйткені оның сіңірген еңбегін, объективті фактіні бәріміз де көрдік, бүкіл әлем көрді, ол Конституцияда бекітіледі», – деді Әбдірасылов.

Өткен жұмада президент Қ.Тоқаев конституцияға енетін өзгерістерді жасаған жұмыс тобымен кеңес өткізіп, жұмыс тобының жасаған өзгерістерін мақұлдаған болатын.

Назарбаев билікте отырғанда қабылданған «Елбасы – Тұңғыш президент» туралы конституциялық заң бар.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.