Конституциялық кеңес экс-президент Н.Назарбаевтың мәртебесін конституциядан алып тастады. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин хабарлады.
«Сондай-ақ, жұмыс тобы мүшелерінің кейбірінің ұсыныстарын ескере отырып, тұңғыш президенттің мәртебесіне қатысты норма конституциялық кеңестің қайта қарауына жіберілген еді. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірінше, тұңғыш президенттің ролі жалпыға аян болғандықтан оны конституцияда көрсетудің қажеттілігі жоқ», – деп жазады Е.Қарин.
Сондай-ақ Қарин конституциялық кеңес осыған дейін президент Тоқаев жолдаған конституцияға енгізілетін өзгерістерді қарап, оң баға бергенін, мақұлдағанын да жазды.
Осыған дейін конституцияға енгізілетін өзгерістерде Назарбаевтың мәртебесі «Қазақстан Тәуелсіздігінің негізін қалаушы» деп көрсетіліп, ол норма қоғам тарапынан қарсылық туғызып, көп талқыланған болатын.
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024