“Санкция кезіндегі текетіресте қазақтың мүддесі қалай қорғалмақ?” informburo.kz сұрағынан үзінді
Шавхат Мирзиеевтің АҚШ-қа сапары кезінде құны 4 млрд тұратын инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл фактор Ресей билігінің мазасын алғаны анық. Өзбекстанның статистика жөніндегі Мемлекеттік комитеті сайтында жарияланған деректер мынаны айтады. 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығында өзбек экономикасындағы АҚШ инвестициясы бірінші орынға шығыпты. Толық мәліметтер жыл соңында белгілі болады.
2017 жылы бұл орынды Ресей еншілеген еді.
Бұл теке-тірестен соң Кеңес Одағының күйі оңбады. Ел қайыршылық жағдайға жетті
Кеңес Одағы 1963 жылы Батыстан 9,4 млн тонна бидай сатып алады. Бұл кезең туралы Черчиллдің:
«Мен қарттықтан өлетін шығармын деп ойлайтынмын. Еуропаны нанмен асырап отырған Ресей астық сатып ала бастағанда күлкіден өлетінімді түсіндім»
деген сөзі тарихқа айналды. Кеңес Одағы мұны уақытша құбылыс деп қарады, зерттемеді. Бұл процесс 80 жылдарға дейін үздіксіз жалғасты. Сол кезде мұнай бағасы құлдырағанда Кеңес Одағы тіпті гуманитарлық көмекке тәуелді боп қалды. Артынан көп ұзамай ыдырады. Бұл жолы РФ ауылшаруашылығы министрі Дмитрий Патрушев: «АҚШ пен Еуропалық одақ елдері Ресейге азық-түлік тасымалдауды доғарса, онда тұтынушыларымыз зардап шекпейді. Азық-түліктерді жеткізетін басқа да балама нарықтар бар. Қазір бізде тапшылық жоқ» деп баспасөз алдында мәлімдеме жасапты.
Ал цифрлар басқаша…
Статистикаға жүгінсек, Ресейде жыл басынан бері азық-түлік бағасы 23 рет өзгерген.
«Бәріне өзіміз кінәліміз. Отандық өндірістің аяқ алып кетуіне мүмкіндік бермедік. Өйткені билікте көбіне тауарды сырттан алдыртуға мүдделі топ осыған дейін күш алып келді. Мүмкін енді отандық өндірістің бағы ашылатын шығар. Өзгеріс керек» депті «ВТБ Капитал» қорының бас экономисі Владимир Колычев kp.ru тілшісіне.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
25.12.2024