15-08-22 |
1410 рет қаралған
Мұнайды заңсыз сатқан.
Мұнайды заңсыз сатқан

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қомақты көлемде мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактісі жолын кесті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпорында 2022 жылдың шілде айынан бастап ҚР мұнай өңдеу зауытының өндірістік төлқұжаты болмағаны анықталды. Міндетті рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан ЖШС мұнай өнімдерін заңсыз өндіруді, сақтауды, өңдеуді және тасымалдауды жалғастырды.

Нәтижесінде, дер кезінде жүргізілген шаралар 3,5 мың тоннадан астам мазут, теңіз отыны мен нафтаның басқа да мұнай өнімдерінің түрін ел аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығарудың жолы кесілді.

Аталаған факт бойынша тергеу жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Құрметті азаматтар! Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, Агенттіктің сенім телефондарына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарлауыңызды сұраймыз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.