18-08-22 |
1200 рет қаралған
Ресейден Қазақстанға үш айда 568 мың адам келген.
Ресейден Қазақстанға үш айда 568 мың адам келген

Ресейден Қазақстанға сәуір-маусым айларында Ресейден 568 мың адам шекара асып, келген. Бұл туралы rbc Ресейдің федеральды қауіпсіздік қызметінің мәліметіне сүйеніп жазды.

Ресейдің Украинаға қасақана басып кірген шапқшылық шабуылынан тұтанған соғыстан соң, Ресей азамттары босып, көрші елдерге – соның ішінде орыс тілі басымдыққа ие мемлекеттерге ағыла бастаған еді. Содан бері ресейліктердің көп келген елдері арасында Қазақстан көш бастап тұр. Одан кейінгі орында Армения мен Грузия. Быилғы жарты жылда  шекара кесіп өтіп, Қазақстанға келген орыстардың саны 2021 жылмен салыстырғанда 2,9% өскен. Ал Арменияға 180 мың, Грузияға 163 мың Ресей азаматы кірген.

Украина-Ресей соғысы басталысымен биыл көктемде Ресей азаматтары алыс-жақын шетелдерге жөңкіліп, елін тастап кете бастады. Өйткені АҚШ пен батыс елдері Ресейге қатаң санкциялар салып, халықаралық қаржы, техника, банк және өзге де саладағы халықаралық компаниялар Ресейден кетті. Сөйтіп, Ресей әлемнен оқшауланды. Бұл өз кезегінде Ресей азаматтарының өз елінен босуына алып келді.

Ресей азаматтарының Қазақстанға келу жөнінде ресми статистика Қазақстанда жарияланған. Түрлі билікшіл сарапшылар Ресейден келіп жатқан азаматтар елде шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді деп айтқан.

Алайда, Ресей азаматтарының көп келуі ұлттық қауіпсіздікке де қатер төндіретінін ұмытпаған абзал.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.