26-08-22 |
1770 рет қаралған
Мұхамедиұлы мемлекетке 7 млрд теңге залал келтірген.
Мұхамедиұлы мемлекетке 7 млрд теңге залал келтірген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен басқа да тұлғаларға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Күдіктілер бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды деп айыпталып отыр.

«Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпы мемлекеттік 3D-сканерлеу» және «Ұлттық цифрлық кино-топтаманы цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану фактілері бойынша жүргізілуде»,-делінген хабарламада.

Бұдан басқа Арыстанбек Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Қазақ энциклопедиясы» акционерлік қоғамы және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтын заңсыз беруге қатыстылығы тексеріліп жатыр. Осыған байланысты қамауда ұстау мерзімі 26-ыншы қыркүйекке дейін ұзартылды.

Мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңге.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.