Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бір аптада 0,2%-ға, ал бір жылда 18%-ға өсті.
Energyprom зерттеуінше, әсіресе қант бағасы қатты қымбаттап, бір жылда екі есеге жуық өскен.
«Биылғы 16 тамызға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ), оның ішінде 19 атау өнім бір аптада 0,2%-ға, ай басынан бері 0,4%-ға және бір жылда 18,1%-ға қымбаттады», – делінген зерттеуде.
Елдің ірі қалаларының ішінде ең жоғары жылдық баға өсімі Ақтау (жылына 21,2%-ға), Жезқазған (20,5%-ға) және Орал (20,4%-ға) қалаларында байқалды. ӘМАТ бағасының ең аз, дегенмен біршама өсімі Қостанайда (15,8%-ға), Петропавлда (16,8%-ға) және Қарағандыда (17,8%-ға) тіркелді.
ӘМАТ арасында құмшекер бірден 92,7%-ға өсіп, айрықша қымбаттады. Сондай-ақ пияздың (жылына 55,5%-ға), қарақұмықтың (26,5%-ға), тауық етінің (23,5%-ға) және макарон өнімдерінің (23,2%-ға) қымбаттағаны ерекше білінді.
«Өткен жылмен салыстырғанда ӘМАТ бойынша сәбіз (19%-ға) бен қырыққабаттың (6,7%-ға) арзандағаны байқалады», – дейді сарапшылар.
Жалпы, осы жылдың шілде айында азық-түлік тауарларының бағасы айына 1%-ға, жыл басынан бері 16,9%-ға және жылына 19,7%-ға өсті.
Аймақтық контексте ай сайынғы динамика бойынша Павлодар (2%-ға), Ақмола (1,9%-ға) және Абай (1,7%-ға) облыстарында бағаның біршама өскені байқалды. Ай сайынғы ең аз баға өсімі Алматы, Түркістан және Ұлытау облыстарында (0,4%) тіркелді.
Жылдық динамикада баға Маңғыстау (24%-ға), Ақтөбе (22,4%-ға) және Атырау (21,5%-ға) облыстарында баға біршама қымбаттады.
Сондай-ақ шілдедегі қорытынды бойынша бағаның бір айдағы ең көп өсімі нан өнімдері мен жарма өнімдерінен (2,9% артты) байқалды. Ет және ет өнімдері – 1,4%-ға, балық және теңіз өнімдері – 1,3%-ға, сүт өнімдері – 1,7%-ға, жұмыртқа – 2,4%-ға, май мен тоң май – 1,4%-ға, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер 4,3%-ға қымбаттады. Сонымен қатар жеміс-жидек пен көкөністің маусымдық бағасы бір айда 4,3%-ға төмендеді.
Жылдық динамика бойынша нан өнімдері мен жарма өнімдері 26%-ға, ет және ет өнімдері – 14,3%-ға, балық және теңіз өнімдері – 18,8%-ға, сүт өнімдері – 22,7%-ға, май мен тоң май – 15,3%-ға, жеміс пен көкөніс – 14,5%-ға, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер – 44,2%-ға, жұмыртқа – 6,6%-ға қымбаттады.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024