Мемлекет басшысының Жолдауында қозғалған ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі бүгінгі күндері көкейкестілігін жоғалтпай отыр. Экономика ғылымдарының докторы Үкілай Керімова осындай пікірде.
Маман Қазақстандағы субсидиялау ережелері жыл сайын өзгеріп жатқанын атап өтті.
«Өзгерістер қажет, бірақ дәл осындай қарқында емес», – деді Үкілай Керімова.
Оның ойынша, Қазақстанның ДСҰ кіруі және еліміздің өзіне алған міндеттемелері орындалуы тиіс.
«ДСҰ кіргенде ауыл шаруашылығына ЖІӨ ден кем дегенде 8% бөлінеді делінген, алайда қазір аграрлық салаға 4,5 тен 5% дейін ғана бөлінеді», – деді Ү.Керімова.
Сондықтан ауыл шаруашылығы саласына Мемлекет басшысы Жолдауда айтқандай, нарықтық механизмдер құру қажет.
«Сондықтан Президенттің Жолдауда аграрлы секторға қатысты айтқан барлық тапсырмаларын қолдаймын», – деп қорытындылады Ү.Керімова.
ҚазҰАЗУ кафедра меңгерушісі Тлепберген Рыспеков айтқандай, өткен жыл құрғақшылық болып, елімізде жем тапшылығы байқалды.
«Сондықтан алдағы екі не үш жылға жетерлік шөппен қамдану керек», – деді ол.
Ол өз сөзінде ауыл шаруашылық жерлерін райионалды пайдалану арқылы Қазақстан біршама пайдаға кенелетінін атап өтті. Бұған қоса мемлекет пен бизнесте осыған барлық мүмкіндік бар.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024