Ақтөбеде арнайы мектеп-интернатта балаларды ұрып-соққан медбике сотталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Ақтөбенің қылмыстық істер жөніндегі сотында 30 жастағы медбике “азаптау” бабы бойынша сотталды. Айыптауға сәйкес әйел өзі қадағалауға тиіс мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерін ұрып-соғып отырған.
Қылмыс көктемде психикалық ауытқулары ауыр балалар тәрбиеленетін мектеп-интернатқа прокурорлық тексеру барған кезде ашылған. Бейнебақылау камераларынан әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өз тәрбиеленушілерін ұрып-соққаны анықталды. Нәтижесінде қылмыстық іс қозғалды.
Сотта медбике өз кінәсін мойындады. Ол төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024