15-09-22 |
2300 рет қаралған
Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында саяси реформалардың жалғасы ретінде биыл Президент сайлауын, келесі жылы Парламент сайлауын кезектен тыс өткізу туралы ұсыныс жасады. Осы екі ұсыныс аясында Парламент Конституциялық заңға қандай да бір өзгеріс енгізуі керек.

Мысалы, Президент бір мерзімге ғана сайлану арқылы 7 жылдық мандат алады. 7 жылдың ішінде қандай да бір реформаны бастап, түпкілікті аяқтауға жететін уақыт. Мәселен, АҚШ, Батыс елдерінде Президент 4 жылдан екі мерзімге сайланады. Яғни, 8 жыл билікте болады. Демек, 7 жылдық бір мерзім осы стандартқа сай келеді. Сонда алдағы 20 жылда үш президент ауыстырамыз.Мұндай саяси жүйе еуропалық үлгіге сай жасалған. Әйтпесе, мұндай қадам ТМД елдерінде бұрын-соңды болмаған.

Екіншіден, бұл жүйе саяси тұрақтылық үшін жасалады. Ал саяси тұрақтылық шетелдік инвесторларды яғни, елімізге инвестиция тартуға септігін тигізеді. Сондықтан алдымен президент сайлауын өткізіп алайық. Содан кейін Мемлекет басшысы қасына білікті де білгір мамандар жинақтап, діттеген мақсат-межеге қол жеткізуге жұмыс істеу керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бәріміз бірге мемлекетіміздің көркейуіне атсалысуымыз қажет.

Ерубай Ыдырысұлы

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.