Биылғы жылы Ресеймен сауда транзакциялардың құрылымы айтарлықтай өзгерді. Мәселен, Қазақстан солтүстік көршісіне бұрын сатпаған тауарларын экспорттай бастады. Бір қызығы, еліміз олардың импортына өзі де тәуелді, деп жазды inbusiness.kz.
Мәселен, электроника саудасына тоқталсақ. Биылғы жылдың 7 айында Ресейге келесі өнімдер сатылды:
107,2 млн долларға телефондар мен байланыс құралдары. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 1,4 млн доллар болатын, көрсеткіш 76,5 есеге өсті.
73,8 млн долларға компьютерлер сатылды. Бұл 2021 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 185 есе көп.
Мониторлар мен проекторлар – 41,2 млн долларға. Былтырғыдан 224 есе жоғары.
Түрлі принтерлер – 16,4 млн долларға. Көрсеткіш 393 есе өсті.
Сондай-ақ электроникаға (тұрмыстық және өнеркәсіптік) қатысты кейбір басқа да тауар бағасының өсімі байқалады.
Мысалы, шаңсорғыштардың экспорты бір жылда 16,4 мың доллардан 5,6 млн долларға дейін өсті; интегралдық микросхемалар – 210,5 мыңнан 7,3 млн долларға дейін, ал кір жуғыш машиналар өткен жылдың қаңтар-шілде айларында мүлде сатылмаған. Биыл 4,2 млн долларға экспортталды.
Осы орайда аталған тауар түрлері Қазақстанға сырттан импортталатынын атап өткен жөн.
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
23.12.2024