15-09-22 |
1150 рет қаралған
Елорда атауының ауысуына 30 миллионнан аз ақша жұмсалады.
Елорда  атауының ауысуына 30 миллионнан аз ақша жұмсалады

Нұр-Сұлтанды қайта Астана атауына өзгертуге 30 млн теңгеден аз ақша жұмасалады. Бұл туралы елорда мәслихаты мәлімдеді.⠀

«Иә, шығын есептелді. 2019 жылы бланкі, маңдайшалар мен мөрлерді ауыстыруға шамамен 30 млн теңгедей жұмсалды. Осы жолы цифрлы құжат айналымына көше себепті шығындар анағұрлым аз болады», – деді Нұр-Сұлтан мәслихатындағылар.

Енді Нұр-Сұлтанның атауын Астана деп өзгерту туралы шешім үкімет пен президентке жіберіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.