17-09-22 |
2220 рет қаралған
Президенттік мандаттың бір мерзімдік принципін қолдаймын- Асхат Маемеров.
Президенттік мандаттың бір мерзімдік принципін қолдаймын- Асхат Маемеров

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік мандатты жеті жылға және бір мерзімге ғана сайлану бастамасын қолдаймын, дейді мәдениет қайраткері.

Себебі, Президентіміз Конституцияға өзгерістер енгізген кезде «әуелі Мемлекет басшысы ретінде өзімнен бастаймын» деп айтқан уәдесінің жарқын көрінісі. Яғни, біздің мемлекетіміз суперпрезиденттік басқару жүйесінен парламенттік-президенттік басқару жүйесіне ауысудағы алғы шарттарының бірі. Сондықтан Президент бір-ақ мерзімге, жеті жылға тағайындалады деп Конституцияға өзгеріс енгізді. Бұл бастаманы қос палата да қолдады. Ал олардың қолдауы – әрбір азаматтың қоғамдағы орнын айшықтауға тың серпін берді. Әсіресе, қоғамды демократияландыруға жасалып жатқан қадамдардың жарқын үлгісі.

Екіншіден, бұл бастама – әлемдегі өркениетті елдердің тарихында, саясатында бар дүние. Сол себепті президенттік орын сайланбалы жолмен беріледі. Ол ешкімге тиесілі, мәңгілік орын емес. Сол үшін де әрбір Қазақстан азаматы конституциядағы өз құқығын пайдалана отырып, дауыс бере алады. Бұл дегеніміз – осы  тұжырымды айқындап беріп отыр. Осындай өзгерістер елдің дамуына, санасының кемелденуіне жасалған қадам деп есептеймін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.