Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордаға Астана ауын қайтаруға қарсы болмады. Бұл туралы Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұрат Ертісбаев мәлімдеді.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың елорда атауын өзгертуге қарсы болмағанына сенімдімін. Өйткені ол қаланың архитектурасының негізін салушы және оған Астана атауын беру бастамасын көтерген адам. Ол көптеген уақыт бойы Астана атауын өзгертуге қарсы болды. Ол жайында айтқандары YouTube-те бар, тауып көруге болады. Сондықтан ол қалаға бұрынғы атауын беруге қарсы болған жоқ деп ойлаймын», -деді ол Ертысбаев Live YouTube-каналында.
Айта кетсек, 17 қыркүйекте Президент елорда атауын өзгерту туралы депуттардың бастамасын мақұлдап, жеті жылдық президенттік мерзім мен Астана атауын қайтару туралы жарлыққа қол қойған еді.
Бүгін елордадағы Нұр-Сұлтан деп жазылған белгілер шетінен алына бастады.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024