Үкімет атом электр стансасын Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында салуды жоспарлап отыр.
Бұл туралы «Қазақстан атом электр стансалары» АҚ бас директоры Тимур Жантикин Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында айтты.
«Егер қазір шешім қабылдап, жобаны жүзеге асыратындарды таңдасақ, 10 жыл өтеді. Ол Энергетика министрлігі 2023 жылдың бірінші тоқсанында анықталатынын хабарлады. Түрлі құжаттар дайындалуда. Құрылысты 2034-2035 жылдары аяқтау жоспарлануда, мерзім 2032 жылға дейін қысқаруы мүмкін», – деді спикер.
Айта кететіні, Қазақстанда атом электр стансасын салу жобасын халықаралық инвесторлар пулы жүзеге асыру жоспарлануда.
Еліміз Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында (елдің оңтүстік-шығысында) атом электр стансасын салуды жоспарлап отыр. Құрылыс, ҚР Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, 10 жылға дейін созылуы мүмкін, бір энергоблоктың құны орта есеппен 5 млрд долларды құрайды.
Қазір Қазақстан атом электр стансасын салу бойынша жетекші әлемдік компаниялардың ұсыныстарын зерделеуде. Жоғары қуатты реактор технологиясы мен пайдалану тәжірибесі дәлелденген төрт жеткізушінің қысқа тізімі әзірленді. Олардың қатарында кореялық KHNP, қытайлық CNNC, ресейлік «Росатом» және француздық EDF бар.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
24.12.2024