Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар отандық кинематографияны, мәдениет саласын және Қазақстанның мерекелерін одан әрі дамытуға қатысты заң жобасын талқылады.
«Заң жобасында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгерістер енгізу ұсынылады, олар ұлттық мереке – 25 қазан Республика күнін және мемлекеттік мереке – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні болып белгіленген», – делінген Сенаттың баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастау ұсынылды.
Сонымен қатар заң жобасында отандық кинематографияны ынталандыру үшін Ұлттық кинокомиссия құру, шетелдік инвесторларды тарту, халықаралық кинобизнес-алаңдарда және басқа да іс-шараларда Қазақстан Республикасының киноиндустриясын көрсету көзделіп отыр.
Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заң жобасын Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
23.12.2024