РФ Мемлекеттік думасының депутаты, ТМД мәселелері, еуразиялық ықпалдастық пен отандастар байланысы жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Константин Затулин Қазақстанға қыр көрсетіп, мәлімдеме жасаған болатын, деп жазды Azattyq Ruhy.
Дәлірек айтсақ, Затулин «Қазақстан Ресейге қатысты дұрыс емес жолға түскенін, РФ-мен арадағы құрлық шекарасы ең ұзақ мемлекет үлкен тәуекелге бел байлап отыр» деген сарында мәлімдеме жасаған.
Осыған байланысты ҚР Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед пікір білдірді.
«Затулиннің халық арасындағы рейтингісі төмендей бастаса болды, провокациялық мәлімдеме жасауға ағысып тұрады. Бұл бірінші рет қайталанып отырған жоқ. Қазақстанның банктері «Мир» банк картасына қатысты дұрыс шешім қабылдады», – дейді Құл-Мұхаммед.
Сенат депутаты атап өткендей, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер жекеменшік болғандықтан, өздері шешім қабылдайды. Екіншіден, депутаттың ойынша, «Мир» картасына қатысты даулы мәселе көп.
«Сондықтан, Ресей депутаты өзінің «наразылығы» мен «жанашырлығын» өзі сияқтылардың арқасында қиын жағдайда қалған банк жүйесіне қатысты айта берсін. Бізге ақыл айтқанша, өзі санкциядан қалай құтылам дегенді ойласын. Бізді «жолдан тайды» деп тұрған оның өзі тайғақ кешіп келеді. Айтпақшы, жазда бұл депутат «Украинадағы жағдай бастарыңызға түспесін» деп қорқытып еді. Бірақ оның еліндегі мобилизацияға қарап, кімнің қандай жағдайда екенін көріп отырмыз», – деді сенатор.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024