25-09-22 |
1870 рет қаралған
«Елдің дамуына жасалған қадам».
«Елдің дамуына жасалған қадам»

Кенжехан Матыжанов,
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директоры:

– Әлемдегі болып жатқан жағдайлардан, мемлекетаралық қақтығыстардан сабақ алып, өз еліміздің тыныштығын, жұртымыздың амандығын тілеп, қауіптің алдын алуымыз керек. Мұның бәрі саяси идеологияға да байланысты. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізіп, президенттік мандатты жеті жылға және бір мерзімге ғана сайлау бастамасын көтерді. Бұл – біздің мемлекетіміз суперпрезиденттік басқару жүйесінен парламенттік-президенттік басқару жүйесіне ауысудағы алғы шарттарының бірі. Міне, осындай өзгерістер елдің дамуына, санасының кемелденуіне жасалған қадам деп есептеймін.

Ендігі міндет – елдегі басқару жүйесін тұрақтандырып, халықтың тыныс-тіршілігін жақсарту. Оның бәрі осы президент сайлауынан басталады. Сондықтан әрбір азамат өз таңдауын жасап, дұрыс шешім қабылдай білгені ләзім. Бүкіл қазақ елі бұл жағдайды дұрыс қабылдайды деп сенемін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.