Ақтөбеде манту орнына туберкулезге қарсы вакцина салған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп жазды ҚазАқпарат.
«Ақтөбе қаласы Алматы аудандық полиция бөлімі манту орнына вакцина салған медицина қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бабы бойынша іс қозғады. Қазіргі кезде қажетті медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу облыс прокурорының бақылауында болады», – деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.
Айта кетейік, Ақтөбеде 42 оқушыға манту сынамасының орнына БЦЖ салынған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев қателік кеткенін мойындап, ата-аналарға түсіндіру жұмысын жүргізгенін айтты.
Жергілікті жерде бірден екі комиссия құрылды.
Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбедегі мектеп оқушыларына манту сынамасын жүргізбестен БЦЖ вакцинасын салу фактісі бойынша қызметтік тексеруді бастады.
Вакцинаны шатастырған медицина қызметкерлері бүгінде жұмыстан шеттетілген.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024