04-10-22 |
1430 рет қаралған
Мобилизация жарияланғалы елге келген 70 мыңдай ресейлік ЖСН алған.
Мобилизация жарияланғалы елге келген 70 мыңдай ресейлік ЖСН алған

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

«21 қыркүйектен осы күнге дейін шамамен 70 мыңға жуық Ресей азаматы ЖСН алды. Көптеген адамдар ЖСН банк картасын алу үшін қажет деп ойлайды. Бірақ түсіндіре кетейін, бұл мемлекет үшін келушілердің тіркелуін, барлық іс-әрекетін қадағалау тұрғысынан керек. Біз оларға ЖСН беру арқылы барлық деректерде сәйкестендіреміз. Осы нөмір бойынша қайда барғанын, қандай қызмет алғанын, қанша айыппұлы бар екенін білеміз. Бұл ретте біздің мақсатымыз – келген азаматтарды қадағалаушы органдарымыздың бақылай алуы», – деді министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.